Ұйымдастырушының көрмеге шақыруын қабылдаған, сондай-ақ келуші ретінде тіркелген немесе кассалық билетті сатып алушы барлық тұлғалар берілген Ережелермен келісіп, оларды сақтауға міндетті.
Көрмеге кіру тек кәсіби келушілерге ғана рұқсат. Кәсіби келуші — көрменің тақырыбымен айқындалатын іскер және кәсіби мақсаттарға қол жеткізу үшін көрмеге келуші бизнес иесі, жеке кәсіпкер, лауазымды тұлға, басшы, басқарушы, маман, профильдік шетел немесе отандық компанияның, кәсіпорынның, мемлекеттік билік органының, қауымдастықтың, одақтың өзге өкілі. Келушінің кәсіби мәртебесін растау үшін Көрме Ұйымдастырушысы одан растайтын құжатын: жеке визит карточкасын, сенімхатын немесе таныстыратын ұйымының ресми хатын, келушінің кәсіби мәртебесін куәландыратын өзге құжатын көрсетуін талап етуге құқылы.
Көрмеге кіру негіздемесі бейдж болып табылады. Бейдж көрме өтетін аумаққа кіретін жердегі тіркеу тұрынтағында беріледі. Бейдж көрме жұмысының бүкіл мерзімі бойына әрекет етеді.
Бейджді электрондық билетті, кассалық, шақыру билетін немесе толтырылған тіркеу үлгісін ұсынғаннан кейін алуға болады.
Электрондық билетті көрменің ресми сайтында тіркеу рәсімін өту арқылы алуға болады.
Кассалық билетті көрме кешенінің аумағына кіретін жердегі кассадан сатып алуға болады.
Кассалық немесе шақыру билетті айырбастағанда тіркеу үлгісін толтыру міндетті болып саналады. Үлгі бланктері тіркеу тұрынтағы жанындағы үстелде болады.
Ұйымдастырушы айқындаған күндері көрмеге тегін кіру құқығына профильдік жоғары оқу орнының студенттері де ие болады. Аталған тұлғалар үшін көрмеге кіру тиісті жоғары оқу орнының әкімшілігімен ресми түрде расталған студенттер тізімі бойынша тек оқытушысы алып жүргенде жүзеге асырылады. Тізім ұйымдастырушымен көрменің ашылу күніне дейін екі аптадан кешіктірмей келісілуі тиіс.
Келушілердің электрондық билеттерін, сондай-ақ бейдждерін кез келген үшінші жаққа табыстауына немесе сатуына тыйым салынады. Ұйымдастырушы бейджде көрсетілген аттың келушінің атымен сәйкестігін тексеру үшін көрмеге келушіден оның жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуін талап етуге құқылы.
Келушілерге көрме аумағында ұйымдастырушының келісімінсіз сауда жүргізуге, кез келген жарнамалық-ақпараттық өнімді таратуға, таныстыру рәсімін, көрсетілім, үгіт жүргізуге және кез келген өзге ұқсас шаралар мен іс-әрекеттер жүргізуге тыйым салынады.
Көрме аумағында көрменің іскерлік сипаты мен жалпы жұртқа танылған тәртіп ережелеріне сәйкес болмайтын қалыпта және түрде болуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Осы Ережелер бұзылған жағдайда, ұйымдастырушы осыған алып келген әрекетті жасаған тұлғаны қандай да бір өтемсіз көрмеге кіргізбеуге құқылы.